Мектеп тарихы » "№1 Шонжы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)21559
Есепші бөлімі:
+7(72778)21988
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2019

Мектеп тарихы

 1914 жылы Шонжыда бастауыш мектеп ашылды. 1970 жылы 7 жылдық мектепке айналды. Мектеп директоры Азиев Тұрған Азиұлы.

1946 жылдан бастап орта мектеп болды, директоры Кан Григорий Алексеевич.

Алғашқы ұстаздар: Абрамов Сергей Петрович- алғашқы әскери дайындық жетекшісі, Шахворостова Римма Семеновна –химия-биология пәні мұғалімі,  Щербакова (Тарачева) Мария Григорьевна-орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Воронина Анна Сергеевна- математика мұғалімі, Азиев Тұрған Азиевич – қазақ тілі мен география мұғалімі.

Бастауыш сынып мұғалімдері: Тютявин Петр Васильевич, Абрамова  (Твердохлебева) Екатерина Григорьевна.

Кан Григорий Алексеевич мектеп директоры болып 1954 жылға дейін істеді.

1954 жылдан  бастап мектеп директоры Мушанов Валентин Иванович (Мәскеуден).

  1956 -1959 ж.ж. мектеп директоры Рахматуллин Аскар Джамилович.

Одан кейін мектеп директоры қызметін 5 жыл Күленбеков Күбен Күленбекұлы  атқарды.

1965-1985 ж.ж. мектеп директоры Щербаков Павел Васильевич.

Мектепті Күленбеков К.К. , Рахматуллин А.Д. басқарған кезде Щербаков П.В. 5 жыл директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Мектепті Щербаков П.В. басқарғанда: 1950-1959 ж.ж. Коробейников Александр Ермолаевич директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Тохтыбакиев Камиль Усманович- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Алаев Музапар Алаевич - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Злавдинов Муталим Злавдинович - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Абдукаримова Нина Серафимовна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Вязовикина Галина Корниловна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Егорина Зинаида Сергеевна – 20 жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, партия ұжымының хатшысы.

Ремнев Михаил Федорович- география мұғалімі, Рахманова Евдокия Павловна – 20 жыл  директордың шаруа жөніндегі  орынбасары.

Диева Клавдия Николаевна, Михайлова Фаина Николаевна, Сраждинов Ахмет Алаевич -математика мұғалімдері.

Низамов Аршидин Розиевич – ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі.

Оленченко Анатолий Владимирович – алғашқы әскери дайындық жетекшісі.

Нечипуренко Екатерина Николаевна, Рыбкина Екатерина Васильевна, Беспалова Вера Яковлевна, Ушакова Галина Федоровна, Оленченко Галина Ивановна -40 жыл бастауыш сыныпта мұғалім болып істеді. 

Бастапқы кезде орыс мектебі конфискацияға ұшыраған Балахонцев, Тютявин, Стариковтардың үйлеріне орналасқан.

1950 жылы әкімшіліктің қасында орыс –қазақ мектебі салынды .

1968 жылы орыс мектебі  басқа ғимаратқа бөлініп шығып, 1983 жылға дейін сол жерде оқыды.

1983 жылы Школьная (қазіргі  А. Қадыров)  көшесінде жаңа мектеп салынды. 

1985-1998 жылдары  мектеп директоры қызметін атқарғандар:

Плескачева Любовь Арсентьевна, Тохтыбакиев Камиль Усманович, Батталов Марс Арупович, Миргиястинова Эльвира Закировна, Рыбкина Екатерина Васильевна, Абдикаров Рахметжан Нурахметович, Ахметов Марс Ахметович, Қайырбекова Саулеш Сейітқасымқызы.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін мектеп ұжымын   Юлдашева Бахтигуль Розахуновна басқарып келеді.

Похожие публикации:

02 сентябрь 2019 Методическая работа
24 февраль 2020 Расписание
02 сентябрь 2019 Адрес школы
02 сентябрь 2019 Администрация